Шаһар шежіресі

Рекорд жаңартқан Храпатый

Есіл өңірінің тұңғыш Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатый – ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының алтын медалі мен 1996 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері.

Атланта Олимпиадасынан күміс жүлдемен оралған А.Храпатыйды жерлестері нан-тұзбен қарсы алып, үйіне дейін шығарып салды. Бірнеше күннен соң дене шынық­тырушылар күні Ақмоланың Қажымұқан атындағы орталық стадионында чемпионға құрмет көрсетілді. Ақмола облысының әкімі А.Браун «Ауди» машинасының кілтін ұстатса, Атбасар ауданының әкімі Т.Қасенов арғымақ мінгізді. Екінші арғымақтың тізгінін облыстық ішкі істер басқармасының басшысы, милиция генерал-майоры Ө.Болсамбеков ұстатты.

Туған жерінің атақ-­абыройын асырып, әлемдік рекордты жаңартқан Анатолий Храпатыйдың есімі спорт тарихының шежіре­сінде ­айшықты әріптермен жазылып қалды.

Фотода А.Храпатый Ақмоланың Қажымұқан атындағы орталық стадионында, 11 тамыз, 1996 жыл.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button