Қала мен СалаҚала тіршілігі

ӨЗЕНДЕР ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ



Елорданың Есіл өзені және Ақбұлақ пен Сарыбұлақты тазарту кезінде 63 тонна қоқыс қалдықтары жиналған.

«Биыл біздің мекеме алғаш рет қала аумағындағы өзендерді тазарту жұмысын жүргізе бастады. Тек бір айдың ішінде Есіл өзені мен Ақбұлақ пен Сарыбұлақтан 63 тонна қоқыс жиналды. Оның жартысы балдыр, ал қалған жартысы темекі тұқылы, пакет, плас­тикалық бөтелкелер мен басқа да тұрмыстық қалдықтар» дейді «Есіл Астана» кәсіпорнының директоры Қанат Алин. Оның айтуынша, елорда аумағындағы су жолдарындағы ең көп қоқыс Сарыбұлақта жиналады. Атап айтқанда, Н.Тілендиев көшесінен бастап теміржолға дейінгі аралық ең көп ластанатын жер екен.

«Сарыбұлақ бұлағының ұзындығы 16 шақырымды құрайды. Бұлақтың Есіл өзенінен Тілендиев көшесіне дейінгі аумағы төсемтаспен қапталған, жиектері қоршалған. Алдағы уақытта елордадағы барлық су жолдарының жағаларын жөндеп, түзеу жоспарда бар» дейді мекеме директоры.

Бүгінде Астана өзендерін тазарту жұмысына күн сайын 50-ге жуық жұмысшы шығады. Техниканы жет­кізу мүмкіндігі болмауына байланысты Сарыбұлақтағы тазалық шаралары тек қолмен жүргізіледі.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button