Басты ақпаратҚоғам

ПЕРЕПИСЬ НАСЕЛЕНИЯ 2021 – ОНЛАЙН-САНАҚ БАСТАЛАДЫ



1 қыркүйектен бастап елімізде онлайн-санақ басталады. Санақ sanaq.gov.kz сайтында 15 қазанға дейін жалғасады. Елорда тұрғындары орналасқан жеріне қарамастан виртуалды көмекші арқылы өздеріне және отбасы мүшелеріне арналған санақ парағын толтыруы қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

«Онлайн-режимде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін дәстүрлі жаппай аралау 1 қазан мен 30 қазан аралығында өтеді. Санақ кезінде сұхбат алушылар планшеттерді пайдаланады. Алынған мәліметтер тікелей жалпы ақпарат базасына жіберіледі. Санақ санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Елімізде санақ соңғы рет 2009 жылы өткізілді. Ол маңызды талдамалық мәліметтерді, соның ішінде халықтың нақты санын, жасын, гендерлік құрамын және т.б. алуға мүмкіндік береді» деп жазды елорда әкімі.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button