Елорда тынысы

Қамқоршыларға құрмет көрсетілді



Астанадағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай қамқоршыларға арналған «Жүректен жүрекке» атты мерекелік іс-шара өтті.

Кешке ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Астана қаласындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Әсима Бимендина, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев қатысып, қамқоршыларды мерекемен құттықтады.

– Елордада 699 балаға отбасылы болу бақытын сыйлаған 512 асырап алушы ата-ана бар. Бұл – үлкен қуаныш. Асырап алушы ата-аналар жүректерінің кең, алақандарының ашық екенін көрсетеді. Сондықтан қамқоршылар күні – ерекше мереке. Сіздерді, мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларды қорғау ұйымдарының қызметкерлерін бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтап, алғыс айтқым келеді. Баршаларыңызға зор денсаулық, балаларымызға бала бақытын тілеймін, – деді құттықтау сөзінде қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button