Мәдениет

Қазақ киносының атасы



Астана қаласы Бірлескен музейлер дирекциясының ұйымдастыруымен режиссер, театр және кино актері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Қазақ киносының атасы» іс-шарасы өтті. Онда театр және кино өнеріне сіңірген өлшеусіз үлесі әңгіме болды.

Шәкен Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет-қимыл жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығарманың көркемдік-
идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ой-толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер.

Драматургиялық шығармаларды сахналық образбен айшықтап, музыкалық репертуармен әрлеп, шынайы өмірдің бояусыз ажарымен бейнелеу үшін қажырлы қайраттың, асқан ізденістің, кәсіби шеберліктің керек екені түсінікті жайт. Аталған ұғымдардың қай-қайсысын да Шәкен Аймановтың қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылардан кездестіруге болады. Шәкен Айманов – аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі. Жуырда ғана елордадағы №20 орта мектепке Шәкен Аймановтың аты берілді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button