Басты ақпаратЕл тынысы

Заманға сай жаңа депо

Кеше елордадағы Көктал шағын ауданында №24 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ашылды. Салтанатты ашылу және  кілтті табыстау рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, елордалық ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынған жаңа екі қабатты өрт сөндіру бөлімінің жалпы аумағы екі гектарды құрайды.

Жаңа өрт сөндіру депосында негізгі және арнайы мақсаттағы сегіз бірлік техника бар, бұл – автоцистерна, жылдам әрекет ететін автокөлік, биіктігі 32 метр автосаты.

Өрт сөндіру бөлімінің негізгі ғимаратында шығуға арналған 4 бокс, қызметтік бөлмелер, кеңес залы, оқу мұнарасы, спорт және ойын алаңы орналасқан. Сондай-ақ депо аумағында елордалық гарнизон қызметкерлері үшін 18 қызметтік пәтерге арналған жатақхана қарастырылған.

Өрт сөндіру бөлімімен танысу барысында шақырылған қонақтар, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері бөлімнің формулярына естелік жазба қалдырды.

Бүгінде Астана қаласының өрт қауіпсіздігі 16 бөлімшенің күшімен қамтамасыз етіледі. Өрт сөндіру қыз­метінің иелігінде 200-ден астам өрт сөндіру автотехникасы бар, күн сайын жеке құрамның 250-ге жуық қызметкері тәуліктік кезекшілікке түседі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button