Ел тынысы

Қазақ тіліндегі ең байырғы және тұңғыш аудиожазба жарияланды

Желіде қазақ тіліндегі ең алғашқы аудиожазба жарияланды. Аудиодыбыс 1904 жылы таспаланған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақстанның алғашқы аудиожазбасы: естуіңіз керек өткен заманның дауысы. Біздің архивтен тыңдаңыз!», – дейді архив мамандары. Мекеме мәліметінше, бұл – Қазақстан тарихындағы ең ескі аудиожазба және ол 1904 жылы таспаланған. Аудиожазбада қазақ жігіті 1 санынан 165-ке дейінгі санды қазақ тілінде санап шығады. Яғни, санамақ дыбысталған.

Айта кетелік, Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің мәліметіне сүйенсек, 1974 жылғы ақпанда Қазақ КСР ОМА бөлімдерінің базасында Қазақ КСР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві және Қазақ КСР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві құрылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архиві – өз қорларында 1 млн 500 мыңнан астам ісі бар еліміздегі ең ірі көп салалы архив, сондай-ақ, кеңес дәуіріне дейінгі бірегей құжаттардың республикадағы жалғыз қоймасы.

 

фото:https://daboom.ru

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button