Ел тынысы

Қазақстан ең қауіпсіз елдер рейтингінде 72-орында



Numbeo сайт-агрегаторы  2024 жылы қауіпсіздік деңгейі жоғары және төмен елдер тізімін құрастырып, оған 146 мемлекетті кіргізген. Аталған сайт қолданушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде рейтинг жарияланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сауалнамада елдегі қылмыс деңгейіне баға беру – зорлық-зомбылық, шабуыл, кісі өлтіру, сексуалды қылмыстар және тағы басқа мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойылған. Қауіпсіз елдердің үздік ондығына тек бір ғана еуропалық ел кірген. Тізім мынадай:

  • Андорра
  • БАӘ
  • Катар
  • Тайвань
  • Оман
  • Мэн аралы
  • Армения
  • Гонконг
  • Жапония
  • Сингапур

Айта кетейік, Қазақстан бұл тізімде 72-орынға шығып, маңайдағы Қырғызстан (106), Беларусь (94), Украина (79), Моңғолия (101) сынды елдерді басып озған. Ал Ресей 51-орынға жайғасқан.

Әдетте ЕО елдері үздіктер қатарында тұратын, бұл жолы тіпті үздік елу елден небәрі бірнешеуі кірген. Испания 43-орын, Германия – 50, Түркия – 53, Грекия – 77, Италия – 83, АҚШ – 89, Франция – 110. Ең қызығы Өзбекстан 29-орында тұр. Толық тізімді мына жерден көре аласыздар.

фото: pixabay.com/Alexas_Fotos


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button