Ел тынысы

Қазақстан көмір станцияларын газға көшіруге мүдделі

Энергетика саласында озық технологияларды қолдану және «жасыл» экономиканы қаржыландыру маңызға ие. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Біз озық әрі төмен эмиссиялық технологияларды дамытуды, «жасыл» экономиканы қаржыландыруды және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мен ШЫҰ-ға мүше елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуді маңызды міндет деп санаймыз. Қазақстан өз кезегінде жаңартылатын, атом және сутегі энергетикасын дамытуға және көмір станцияларының газға көшіруге мүдделі. БҰҰ-ның климаттық конференциясы аясында COP-28, Дубайда 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатында парниктік газдар шығарындыларын азайтуға келістік», – деді Алмасадам Сәтқалиев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Энергетика министрлерінің төртінші кеңесінде.

Оның айтуынша, 2030 жылға қарай жаңартылатын энергетика қуатын жаһандық деңгейде үш есе арттыру көзделіп отыр.

«Сонымен қатар мұнай-газ кәсіпорындарында шығарындыларды азайту бойынша «жасыл» технологияларды енгізу маңызды», – дейді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button