Басты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттері ұжымына құттықтауы



c8766db7cd8543f892f8bdf71427127e

Қадірлі достар!
Сіздерді басылымдарыңыздың алғашқы саны жарық көргеніне 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – елдің ақпарат кеңістігі үшін ғана емес, әрбір астаналық үшін мерейлі белес.
Республиканың жаңа елордасы сіздердің көз алдарыңызда бой түзеді. Астанамен бірге оның жаңа басылымдары да қалыптасты.
Газет беттерінде шырайлы шаһардың қызу тіршілігін айшықтап көрсетіп, өз оқырмандарыңыздың қатарын ұдайы көбейтіп келесіздер.
Қазір елорданың мүмкіндіктері барынша арта түсті. Алда аса маңызды іс-шаралармен қатар, «ЕХРО-2017» көрмесін өткізу міндеті тұр. Астанадағы және бүкіл республикадағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді елге жедел танытудың маңызы зор.
Сіздер осынау жауапты істі абыроймен атқара аласыздар деп сенемін. Астаналық қос басылымға тың табыс, жоғары жетістік, ұжымдарыңызға денсаулық пен бақ-береке тілеймін. Жаңа шығармашылық биіктерді бағындыра беріңіздер!




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button