Ел тынысы

Қазақстандық стартапшы әйелдер IT-өнімдерін шетелге сәтті экспорттап жатыр



Бүгінгі таңда технопаркте тіркелген компаниялардың 250-ге жуығын әйелдер басқарады, соның ішінде 25 пайызы өз қызметтерін шетелге шығарып үлгерді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Біздің компанияға Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Сауд Арабиясы ерекше назар аударып отыр. Катарда бірнеше инвестор, соның ішінде 1 миллиард долларды басқаратын Doha Venture Capital деген ірі венчурлық қор біздің жобаны қарастырып жатыр», – деді ZebraEye негізін тең қалаушы және бас директоры Яна Тен.

Әйелдер кәсіпкерлігінің тағы бір жарқын мысалы – Лаура Вайгорова. Ол басқаратын Smartestprep компаниясы $10 млн-ға бағаланып, $230 мыңнан астам инвестиция тартты. Және, әрине, біздің еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азияның экожүйесі үшін мақтанышқа айналған оқиға – Яна Шойбекова жетекшілік ететін Citix командасының жетістігі.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button