ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА



1440572132ya8x6-asli

Астана қаласында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету шаралары мәселесі бойынша «Қылмыспен күрес және заң бұзушылықтың алдын алу шараларын жүзеге асыру барысында құқық қорғау органдары қызметінің нәтижесін көтеру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық аясында өткізілген шараға Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов, қала әкі­мінің орынбасары Андрей Лукин, елор­далық құқық қорғау органдары департаменттері мен басқармаларының басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында елордалық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров мәслихаттың құқық қорғау саласындағы болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар болғанының маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасауға дайындығын білдірді.
Астана қаласы ІІД басшысының орынбасары Батырлан Есенбай қоғамдық тәртіпті сақтау, азамат­тар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз ету­дегі атқарылған жұмыстардың бір­қа­тарымен таныстырды. Ол елордада өткізілетін алдын алу іс-шараларына шолу жасады. Атап айтқанда, қаладағы жедел және қоғамдық-саяси ахуалға үнемі мониторинг жүргізіледі, құқық бұзушылық профилактикасы және қылмысқа қарсы күрес бойынша ІІД барлық бөліністері, Жергілікті полиция қызметі, Ұлттық ұлан әскерлері жұмылдырылады. Бас қаламыздың тыныштығын тәулік сайын Ұлттық ұлан әскерлерін қосқанда бір жарым мың полиция қызметкері қадағалайды.
Одан кейін мәслихат депутаты Зәуре Жүсіпова сөз алып, елордалық құқық қорғау өкілдерінің әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелерге тоқ­талды. Ал депутат Мұхтар Төлеутаев есірткіге қарсы күрес шараларының маңыздылығына қатысушылардың назарын аударды.
Қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин көтерілген мәселелердің өзектілігіне мән беріп, оны шешу үшін қарастырылып жатқан жобаларға тоқталды. Мәслихат депутаттары құқықтық тәртіпті күшейту бойынша оң нәтижеге жетуге ықпал ететін барлық тетіктерді қолданып, алдағы уақытта осы саланың қызметі басты назарда болып, жан-жақты қолдау көрсетіледі деген тоқтамға келді.

Айгүл УАЙСОВА




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button