Ел тынысы

Қоғамдық талқылау өтеді

Алдағы жұма күні қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту мәселелері бойынша қоғамдық талқылау өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 жылғы № 505 бұйрығымен бекітілген қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының нормалары мен талаптарына сәйкес қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қоғамдық талқылаулар 2024 жылғы 5 шілдеде сағат 11:00-де Республика даңғылы, 32, 1 қабат мекенжайы бойынша өтеді.
Заңды/жеке тұлғалардың өтініштері негізінде қаралатын мәселелер:
– Тұрақ орындарын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығын, сондай-ақ абаттандыру аймағынан қоқыс контейнерлерін шығару мүмкіндігін ескере отырып, Ә. Бөкейхан көшесінің жүріс бөлігін 4 жолаққа дейін кеңейту бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізу.
– «Сақтау корының әкімшілік ғимараты. Зертханасы бар керн қойма ғимараты. Геологиялық мұражай» объектілерін орналастыру бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізу туралы өтінімгі қарау – орыны: Астана қаласы «Есіл» ауданы Қабанбай батыр даңғылы мен Арнасай көшесінің қиылысы, тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті» РММ.
– «Азаматтық авиация мұқтажына арналған әкімшілік ғимарат» объектісін орналастыру бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізу туралы өтінімді қарау – орыны: Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қабанбай батыр даңғылы мен Арнасай көшесінің қиылысы, тапсырыс беруші: «Қазаэронавигация» РМК.
– Астана қаласы, “Есіл” ауданы, Керей-Жәнібек хандар және Орал көшелерінің қиылысында орналасқан “Апарт-отель” объектісінің қабаттылығын арттыру бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізу туралы өтінімді қарау – тапсырыс беруші: “Гостиный двор А” ЖШС.
Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде n.galymzhan@astana.kz электрондық мекенжайға немесе Астана қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қолма-қол қабылданады.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button