Ел тынысы

Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын аралады



Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Қазақстан Асельсан инжиниринг» компаниясын аралау барысында депутаттарға түнде көретін және оптикалық радиобайланыс аспаптары, электрондық платаларды және басқа да жабдықтарды шығару процесі көрсетілді. Ұйым 2023 жылдың қорытындысы бойынша әскери және азаматтық саланың жалпы сомасы 3 млрд 461 млн теңге болатын 50-ден астам шартты орындады. Сенаторлар сондай-ақ кәсіпорын басшылығымен бірлесе отырып, қосымша қаржы бөлу, ұзақ мерзімге жоспарлау және келешегі зор жаңа жобаларды әзірлеу мәселелерін талқылады.

Парламентшілер сауытты доңғалақты машиналар жасау, жөндеу және сервистік қызмет көрсетумен айналысатын «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС жұмысымен де танысты. Сенаторларға сауытты доңғалақты машиналардың үлгілері мен оларды дайындау, дәнекерлеу, бояу цехтарының жұмысы көрсетілді.

Депутаттар сапар барысында кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті және саланың даму келешегіне байланысты мәселелерді талқылады. Қызметкерлер жұмыс жағдайын жақсарту, жаңа технология енгізу, сондай-ақ өндіріс процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button