Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚОРЖЫНДА 7 ҚОЛА



Қазақ жанкүйерлері үмітпен алтын күн Токио Олимпиадасының соңғы күндеріндегі нәтиже көңіл қуантпайды. Басқа-басқа күншығыс елінен боксшыларымыздың алтынды былай қойғанда, күміссіз қайтуы жанға батады. Ақтық сында шаршы алаңда атой салады деген қос боксшы қоланы қанағат тұтты. Олимпиада ойындарының тізіміне тұңғыш рет енген каратэ спортынан да еншімізге тигені қола медаль болды.

Бокстан 52 келі салмақта жартылай финалда өнер көрсеткен Сәкен Бибосыновқа соңғы сәтке дейін зор үміт артқанбыз. Шыны керек, ақтық сынның жолдамасы үшін британдық боксшы Джалал Яфаимен қолғап түйістірген Бибосынов барын салды. Алғашқы раундта қарсыласының сәл ғана басымдығы байқалғанымен, соңғы екі раундта Сәкен Яфаиға мүмкіндік қалдырмағандай көрінген. Тіпті сайыс соңында төрешілер британиялық спортшының жеңіске жеткенін хабарлағанда, Джалалдың таңданысында шек болмады. Осылайша Сәкен Бибосынов Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Тағы бір қоланы еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы ел намысын қорғаған Нұрислам Санаев жеңіп алды. Ақтық сынға берілетін жолдама үшін болған белдесуде үнді балуаны Рави Кумарға есе жіберген Нұрислам кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловтен басым түсті.
Олимпиада ойындарының тізіміне тұңғыш рет кірген каратэ спортында Дархан Асаділов те жартылай финалға дейін сүрінбей жетті. Тек соңғы сәтте ғана француз Стивен де Костаға жол берген Дарханның аты Қазақстан тарихында каратэден тұңғыш Олимпиада жүлдегері ретінде жазылып қалады.

Әзірге жалғыз қоланы қанағат тұтқан еркін күрес шеберлерінің де нәтижесі көңіл көншітпейді. Аса ауыр салмақта сынға түскен қазақстандық балуан Юсуп Батырмурзаев алғашқы белдесуінен-ақ германиялық Геннадий Чудиновичке жол берді. 97 келі салмақта бозкілемге шыққан Әлішер Ерғали ширек финалда түрік балуаны Сулейман Караденизге есе жіберді. Алғашқы белдесуінде кубалық Алехандро Вальдестің жауырынын жер иіскеткен Дәулет Ниязбеков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Гаджи Алиевтен айласын асыра алмады. Әзірбайжандық балуан ақтық сынға дейін сүрінбей жеткендіктен, Ниязбеков жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды.

Жартылай финалдық бәсеке қазақстандық балуан Данияр Қайсанов үшін де оңайға соқпады. Ол ресейлік Заурбек Судаковқа жол берді. Қола медаль үшін болған кіші финалда Қайсанов өзбек балуаны Бекзод Абдурахмановтан жеңілді. Бозкілемдегі белдесудегі басымдықты ә-дегеннен қолына алған Бекзод 10 ұпай айырмасымен алға шығып кетті.

Әйелдер күресінде де ел намысын қорғаған Татьяна Ахметова мен Валентина Исламова алғашқы белдесулерінен соң жарыс жолынан шығып қалды.

Шынболат КҮЗЕКБАЕВ


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button