Мәдениет

Қоржында – 8 алтын медаль



Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтті. Спорт додасына 40-қа жуық мемлекеттің 350 балуаны келіп, бақ сынады.

Жарыстың ашылу салтанатында Біріккен күрес әлемі (UWW) Бюросының мүшесі және дәстүрлі күрес стильдері комитетінің президенті Мария Якши Родика мен Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры Ербол ­Мырзабосынов спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Сахнаға қазақы шапанмен шыққан қазақ спортының ардагері Марат Жақит балуандарға ақ батасын беріп, жеңіске жетуге жігерлендірді.

Жарыс бағдарламасына сәйкес жасөспірімдер мен жастар, әрқайсысы 5 салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтады. Ал ересектер 12 салмақ дәрежесінде (ерлер – 8, әйелдер – 4) белдесті.

Ерлер арасында белдескен Бекжан Төлепов (55 келі), Нұр Аманшүкіров (66 келі), Жұмажан Қожамбеков (74 келі), Айдын Дартаев (82 келі), Марат Байқамұров (100 келі), Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі), ал әйелдер арасында Зарина Сарипова (65 келі) мен Рауза Нұрмахамбетова (55 келі) Әлем чемпионы атанды. Тағы бір балуанымыз Марат Нигматуллаев (60 келі) күміс медальға ие болды. Тоқтарбек Айдарбек (90 келі), Мөлдір Азамат (+75 келі) қола медальға ие болды. Сөйтіп, қоржында 8 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алып, жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Әлем чемпионатында Польша, Қырғызстан, Моңғолия елінің балуаны алтын медаль алса, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Түркия және т.б. елдің спортшылары жүлдегер қатарынан көрінді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button