Елорда тынысы

Құрылысты аяқтауға көмектеседі



Астанадағы бірнеше тұрғын үй кешені бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, елордада ресми түрде құрылысы ұзаққа созылған деп танылмаған бірқатар проблемалы үй бар.

«Осы тұрғын үйлер бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен кездесу өткіземіз. Мысалы, салымшылар «София» тұрғын үй кешенің кілтін 2021 жылы алуы тиіс еді. Алайда тұрғындар әлі күнге дейін өз пәтерлеріне кіре алмай жүр. Нысанда құрылыс қарқыны баяу жүріп жатқаны байқалды, тұрақты инженерлік желілері болмады, лифт орнату жұмысы әлі аяқталған жоқ. Біз бұл тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға көмек көрсетеміз. Мәселен, кәріз, су құбырын орнату, абаттандыру, көгалдандыру және тағы басқа жұмыстарға әкімдік жәрдем береді» деп жазды Ж.Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ ол қазіргі кезде бірнеше тұрғын үй кешені бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Бұдан бөлек, қылмыстық қудалау органдары «Әскер-1», «Әскер-2», «R-Club», «R-Club De Luxe», «Ақтау Сити», «Қазанат-2», «Ордабасы», «Оазис» тұрғын үй кешендері бойынша үлескерлердің бірнеше рет берген өтініші негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізіп жатыр. Біз үшін маңызды жайт – құрылысы ұзаққа созылатын жаңа нысандардың және проблемалық үлестік құрылыс­тардың пайда болуына жол бермеу. Құрылыс компаниялары үлескерлердің қаражатын белгілі бір қатаң жағдайларда ғана қабылдай алады: тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу, екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу, тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін ғана үлескерлердің ақшасын қабылдау» деп сөзін түйіндеді әкім.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button