Басты ақпаратМәдениет

«Құстар әні» қалықтады



Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Назарбаев орталығында «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестріне 40 жыл толуына орай «Құстар әні» атты концерт өтті.

Кеште Жәмила Серкебаева, Фархат Кубиев, Азамат Жылтыркөзов, Гүлдана Алдадосова, Артур Ғабдиев, Таир Тәжі, Әсем Әубәкірова сынды өнерпаздар әннен шашу шашып, түрлі аспаптарда ойнап, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Осыдан 40 жыл бұрын Нұрғиса Тілендиевтің жетекшілігімен құрылған фольклорлы-этнографиялық бағыттағы «Отырар сазы» оркестрі өнерсүйер қауымға ғасырлар қойнауынан жеткен баға жетпес мәдени мұрамыз – қазақтың ұлттық музыка аспаптарының аса бай жинағымен танысуға мол мүмкіндік береді. Оркестр репертуарында көптеген халық күйлері мен әндері, классикалық музыканың үздік үлгілері, қазақтың, оның ішінде  Н.Тілендиевтің шоқтығы биік шығармалары және шетелдік көрнекті композиторлардың  туындылары болды.

Бүгінгі таңда оркестр құрамында 66 музыкант бар. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері –Дінзухра Тілендиева. «Отырар сазы» тек фольклорлық аспаптарды пайдаланатын Қазақстандағы жалғыз оркестр болып табылады.

Мерейтойлық концертке AQ Foundation компаниясы бас демеуші болды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button