Мәдениет

ҚУЫРШАҚТАР ТЕАТРЛАРЫ КЕРУЕНІ



Астанада куыршақтар театрларының апталығы өтіп жатыр. Елордада тұңғыш рет ұйымдастырылған Дүниежүзілік қуыршақтар карнавалы аясында әлемнің 47 елінен жиналған театрлар өз өнерін 8 қыркүйекке дейін ортаға салады.

Карнавал аясында алғашқы болып Астана қаласының қуыр­шақтар театры «Ертөстік» спектаклін көпшілік назарына ұсынды. Жалпы карнавалға Ресей, Болгария, Тунис, Португалия, Румыния, Франция, Қытай, Ұлыбритания, Иран, Аргентина, Албания, Франция, Эстония, Австралия, Бразилия, Түркия, Венгрия, Жапония, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Бельгия, Словения, Германия, т.б. елдердің қуыршақтар театры қатысып жатыр.

Бір аптаға созылатын карнавал кезінде көшедегі шерулер, ашық аспан астындағы қойылымдар өтіп, күн сайын Астана қаласының қуыр­шақтар театрында және Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында спектакльдер көрсетіледі.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, Дүниежүзілік қуыр­шақтар карнавалы Астананың мәдени өміріндегі үлкен оқиға.

Бұл карнавал арқылы қуыршақтар театрлары әртіс­терінің өнері шыңдалап, актерлер тәжірибе алмасады, өзге мемлекеттермен ынтымақтастық орнатуға жол ашылады. Барлық қойылымдар мәңгілік құндылықтар, адамның ізгі қасиеттері туралы сыр шертіп, кішкентай көрермендерді немқұрайлы қалдырмайды. Балдырғандар қарапайым қарым-қатынас жасауға үйреніп, басқа халықтардың салт-дәстүрлерімен танысады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ 




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button