Мәдениет

Қуыршақ театрлары фестивалі шақырады



25-29 маусым күндері бас қалада Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елорданың 25 жылдығына орай III халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтеді.

Аталмыш фестиваль алғаш рет 2015 жылы өтіп, 2018 жылы жалғасын тапты. Алғашқы фестивальге Перу, Эстония, Болгария, Сербия, Румыния, Ресей, Татарстан, Түркия, Тәжікстан, Италия, Тунис, Бельгия, Босния және Герцеговина, т. б. мемлекеттер қатысып, өнер мерекесі аясында «Eurasia puppet» – қуыршақ театрлары ассоциациясын құру» меморандумына қол қойылды. Бұл меморандум театрлар арасындағы байланысты арттыра түсті. Нәтижесінде Астана қуыршақ театры әлемдік ұжымдармен достық қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасып, өнер кеңістігінде құлашын кеңге сермеді.

Араға бірнеше жыл салып бұл фестиваль арқа төсінде қайта салтанат құрмақ. Осы жолғы III халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестиваліне 13 театр қатысады. Аталған фестивальдің бір ерекшелігі арнайы аталым жеңімпаздарын Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ» театры жанынан құрылған театр студиясының алғашқы түлектері, яғни балалар анықтайды.

Фестивальдің мақсаты – тағылым тамшысы болған қуыршақ театры өнерін кеңінен дәріптеу. Мәртебелі мәде­ниетімізді, өнегелі өнерімізді дүние жүзіне насихаттау. Әлемдік театрлармен шығармашылық қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасып, шеберлікті шыңдау. Сәруар көңіл сәбилерге шаттық сыйлап, балаларға рухани-танымдық қойылымдар ұсыну.

Фестиваль қонақтары: Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның қуыршақ театрлары.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button