Мәдениет

ҚЫЛ ҚОБЫЗДЫҢ САЗЫМЕН



Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген көрер­менге өзінің Stranger (Бейтаныс) атты әнін таныс­тырды. Сочидегі Олимпиадалық парктің New Wave Hall сахнасында алғаш рет орындалған ән қобызбен сүйемелденіп, көпшілікті таңғалдырды. Ежелгі қазақ аспабы Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің жаңа әніне айрықша реңк бергендей.

Дәстүрлі қазақ музыкасын дәріптеуге әрдайым зор ықыласпен қарайтын әнші бұл жолы да ағылшын тіліндегі заманауи әнді қобыз үнімен үйлестіріп, жаңалық жасады. Жаңа композицияның музыкасын орыс композиторы Игорь Крутой жазса, мәтін авторы – америкалық ақын Шарон Вон. Негізгі аранжировкамен Димитрис Контопулос (Грекия) және Ерлан Бекчурин (Қазақстан) айналысқан. Айта кетейік, жаңа әнге қобыз қосу идеясы Димашқа Stranger ­әуенін алғаш естігеннен кейін келген. Жаңа композицияға халықтық аспапты қосу туралы шешім Игорь Крутойға бірден ұнаған. Маэстро Stranger жаңа түстерге ие болып, одан да қызықты болатынына сеніпті. Ал қобыз партиясын орындаушы Олжас Құрманбек Stranger әні ерекше әдемі, өзіндік шығыстық сипатқа ие болғанын айтты.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button