ӘлеуметБасты ақпарат

Қызылша қаупі сейілмеді



Елордада бүгінге дейін қызылша бойынша 289 бастап­қы және 110 расталған жағдай тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 81. Қызылшаның күн сайын тіркелуі 45-тен 30 жағдайға дейін аздап төмендегенімен жағдай әлі де күрделі. Науқастардың шамамен 79 пайызы – қызылшаға қарсы екпе алмаған азаматтар, аурудың басты себебі осы. Олардың ішінде қызылшаға қарсы вакцина алғандар тек 5 пайыз, ал вакцина алған, алмағаны белгісіз науқастар 16 пайызды құрайды.

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астана қаласындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы және қызылша ауруын төмендету бойынша алдын алу шаралары туралы өткен брифингте Астана қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мен Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева баяндады.

2023 жылы  қараша айынан бастап 6 айдан 10 ай 29 күндік балаларға жаппай вакцинация жүргізіліп келеді және желтоқсан айынан бері оларға 2-4 жастағы балалар қатары қосылды. 6 қарашадан бастап бүгінге дейін 44 800 бала екпе алған. Бүгінде  ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес вакцинация алмаған балаларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Осылайша, 1 және 6 жаста қызылшаға қарсы егілмеген 7-18 жас аралығындағы анықталған 13 000 баланың 5 692-сі екпе алған.

– Науқаспен байланыста болған жағдайда 72 сағат ішінде шұғыл екпе алуға мүмкіндік барын атап өткім келеді. Осылайша вакцинация алмай науқаспен байланыста болған адамдарды инфекциядан уақтылы қорғау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында 2514 адам егілді. Сондықтан жалғыз тиімді қорғаныс ол вакцинация екенін тағы бір рет атап өтемін. Балаларын уақтылы екпе алуын қамтамасыз ету, ең алдымен, ата-аналардың жауапкершілігінде, – дейді С.Бейсенова.

Қызылша бойынша эпидемио­логиялық маусымның басынан (2023 жылдың наурызынан бастап) бүгінгі күнге дейін қызылшаның 1188 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 843 жағдай. Расталған жағдайлардың жалпы санынан зертханалық расталған 1143 (96%) жағдай, клиникалық расталған 45 (4%) жағдай.

Ауырғандар санының өсуінің басты себептерінің бірі – вакцинация деңгейінің жеткіліксіздігі. Әлемдік статистика көрсеткендей, COVID-19 пандемиясы кезінде қызылшаға қарсы вакцинация немесе ревакцинация алмаған халықтың саны артты. Қызылшаның таралуын болдырмау үшін топтық иммунитетінің жалпы көрсеткіші бүкіл халық арасында 85-90 пайыздан кем болмауы керек


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button