Қала мен Сала

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРОҒА ЖОЛДАМА АСТАНАДА БЕРІЛЕДІ



Кеше Астана қаласында күрес түрлерінен биыл Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама беретін Азиялық іріктеу турнирі  басталды.

Байрақты бәсекенің бірінші күні-ақ қазақстандық екі спортшы лицензияға ие болды. Әйелдер күресінде сынға түскен Эльмира Сыздықова төрт белдесуінің бәрінде таза жеңіске жетіп, чемпион атанды. Ал еркін күресте Ғалымжан Өсербаев финалға шығып, жолдама иеленді.

Алып құрлықтың ең үздік балуандары сынға түсетін жарыстың басты көрсеткіші – финалға шыққандар лицензия иеленеді. Күрестің үш түрінен, атап айтқанда, грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі бойынша 18 салмақта жеңімпаздар анықталады. Астана жарысынан барлығы 36 спортшы Рио-де-Жанейро ойындарына жолдама алатын болады.

Астана кілемінде Олимпиада ойындарының чемпиондары оңтүстіккореялық Ким Хен-Ву мен ирандық Хамид Сориан, сонымен қатар әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бақтарын сынайды. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасынан 15 балуан қатысуда.

Балуандар белдесуі бүгін және ертең «Дәулет» спорт кешенінде жалғасады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.




Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button