ҚоғамРуханият

РУХАНИ КЕЛІСІМ АЛЛЕЯСЫ



Тұңғыш президент саябағында «Конфессияаралық келісім аллеясы»атты ағаш отырғызу шарасы өтті. «Астана – ең таза қала» акциясы аясында өткізілген шараның өтуіне қалалық Дін істері жөніндегі басқарма мұрындық болды. оған қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастаған «Әзірет Сұлтан» мешіті мен «Нұр Астана» мешіт терінің наиб имамдары, орыс православ шіркеуі, евангель-лютеран шіркеуі, «вефиль» киелі евангельді христиан шіркеуі, пресветериан шіркеулерінің рухани көшбасшылары қатысты.

image-13-05-17-13-47-4

Астанамыздың әсемдігі мен тазалығы елорданың әр- бір тұрғыны үшін маңызды. Көпке үлгі-өнеге көрсету мақсатында рухани көшбасшылар салауатты қоғам қалыптастыруға үн қосып, көк желекті ағаштар отырғызды. Шара барысында сөз алған ҚМДБ- ның наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы: – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз өзінің хадисінде: «Ақырет күні орнаған кезде де адамның қолында ағаш болса соны ексін» деп өсиет еткен. Адам баласы кеудесінен шыбын жаны шыққанша жақсылық жасап, артына тағылымды іс қалдыруы керек. Ағаш отырғызу – дін өкілдері үшін ғана емес, барлық пенде баласы атқаруы тиіс шаруа. Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақыл сөз бар.

Бұл отырғызған ағаштар болашақта өзімізге төзімділік, қайырымдылық, қуаныш, өмірге және бір- бірімізге деген махаббат сезімін беруі керек. Осы құндылықтарды біздер ешқашан жоғалтпауымыз қажет, – деді. Бүгінде еліміздің этникалық және діни сан алуандығы мемлекетіміздің, сонымен қатар, қоғамның көпвекторлы дамуының негізі, ал толеранттылық және бейбітшілік әрбір қазақстандық таңдайтын бірліктің бейнесіне айналды. ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы ішінде де әлемге танымал тұлғалардың өз қолымен отырғызған естелік ағаштары көп кездеседі. Дінаралық татулық пен достықты қоса насихаттаған шара қазақ қоғамының бір- лігіне бекем екенін нақтылай түсті.

Гүлжан РАХМАН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button