Ел тынысы

«Самұрық-Қазына» Астана мектептерінде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашады

«Самұрық-Қазына» Астана мектептерінде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашады, деп хабарлайды  https://astana-akshamy.kz

Инклюзияны қолдау кабинеттері елорда мектептерінде жаңа оқу жылында ашылады. Кабинеттер «Charity Samruk Marathon 2024» қайырымдылық шарасынан түскен 125 млн теңгеге жабдықталады.

Ерекше балаларға арналған сыныптар №22, №36, №59, №76, №97 мектептерде ашылады. Мұнда балалардың мамандармен жеке жұмыс істеу аймағы, топтық жұмыс жүргізуге арналған аймақ, емдік-денешынықтыру кабинеті, сенсорлық түсіру кеңістігі болады.

«Үндеуге бей-жай қарамай, өз үлесін қосқан жандарға алғысымды білдіргім келеді. Қор қоғамдағы инклюзияны дамытуды ерекше назарында ұстайды, біз осылайша әр баланың тең білім алуына қол жеткізгіміз келеді», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Еске сала кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық марафонына 2 мыңнан астам адам қатысқан болатын. Түскен қаражат балаларға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін Қордың қайырымдылық қоры «Samruk-Kazyna Trust»-қа аударылған болатын.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button