Қала мен Сала

САПАЛЫ ӨНІМ – ТҰТЫНУШЫ ТІЛЕГІ



Кеше Дүниежүзілік  тұтынушылардың  құқығын  қорғау күніне орай «Астаналық» базарында «Әрбір тұтынушыға – қауіпсіз өнімдер» акциясы өтті. Қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бұл шараны 2009 жылдан бері ұйымдастырып келеді. 

Акция аясында тұрғындар тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапалылығын анықтайды. Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы көкөніс пен жеміс құрамындағы нитраттардың мөлшерін тексеру үшін зертханалық зерттеулерді тегін жүргізеді, азық-түліктің термиялық өңделуін бақылайды, сонымен қатар, сүт өнімдерінің қышқылдығын қадағалайды.

– Былтыр 1000 адамға кеңес берілді, 800-ден аса талдау жасалды. Зертхана экспресс-режимде жұмыс істейді. Мұнда бактериологиялық және физика-химиялық зертхана өкілдері де бар. Егер нитраттар көп мөлшерде анықталса, өнімдер сатылымнан алынып тасталады, – дейді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Мейрамғали Молдашев. Іс-шара бүгін «Шапағат» базарында жалғасады.

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button