Елорда тынысы

Сауда орындарында Рейд өткізді



Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, мереке қарсаңында қаланың сауда нысандарында елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық рейд өткізді. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты ақпарат таратты.

Акция аясында департамент өкілдері қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігіне қатысты маңызды іс-шараларды, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін және алғашқы көмек көрсетудің қажетті дағдыларын түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғындарға пиротехниканы қауіпсіз пайдалану бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар мен өрт қауіпсіздігі бойынша ұсынымдар бар арнайы жадынамалар таратылды.

«Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес пиротехникалық бұйымдарды сату мамандандырылған дүкендерде немесе бөлімдерде ғана рұқсат етіледі, олар ғимараттардың жоғарғы қабаттарында орналасуы және эвакуациялық шығатын орындардың жанында болмауы керек. Пиротехникалық бұйымдар өртке қарсы бөлімдер бөлген үй-жайларда орнатылған металл шкафтарда сақталуы тиіс. Жаңа жылдық мереке қала тұрғындары үшін қауіпсіз болуы керек» деп атап өтті Сарыарқа ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері аға лейтенант Мирас Талғатұлы. Пиротехниканы 16 жасқа дейінгі балаларға сатуға тыйым салынатыны мәлім.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button