Басты ақпаратҚала мен Сала

Саябақ – жанға сая



«Егемен Қазақстан» газеті көшесі бойынан Журналистер саябағы ашылды. Салтанатты іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек арнайы қатысты.

Министр Дархан Қыдырәлі: «Бұл оқиға – журналистерге көрсетілген құрметтің бір көрінісі. Осыдан екі жыл бұрын дәл осы маңда Президенттің қатысуымен Алаш қайраткерлерінің ескерткіші ашылғаны белгілі. Сол қаламгерлер саябағына ұласып жатқан журналистер саябағы ұлт руханиятының сабақтастығын көрсетеді» деді.

Журналистер саябағындағы сәнді стелада қазақ мерзімді баспасөзінің бағдаршысы Ахмет Байтұрсынұлы мен ұлт журналистикасының байрағы Шерағаңның бейнесі мен ұлағатты сөздері таспаланды. Елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының аты ойып жазылған бұл ескерткіш отандық журналистиканың жылнамасы іспетті.

Елорда 25 жылдың ішінде тек әкімшілік орталық қана емес, мәдени және рухани ордаға айналғанын айтқан қала әкімі Жеңіс Қасымбек Журналистер саябағы елорданың тартымдылығын арттырып, келбетіне жаңа рең беретінін атап өтті.

Саябаққа жаңадан ағаштар отырғызылып, жасыл желегі молая түсті. Қала тұрғын­дарының демалып, тынығуы үшін орындықтар қойылды. Онда «Қазақстан және БАҚ», «Журналист және оператор», «Оқырман» мүсіні тұр.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button