Мәдениет

Сегіз қырлы, бір сырлы



Астана қаласы әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5 балалар кітапханасында ақын, сазгер, күйші, ұстаз Оспан Сүлейменұлының 75 жылдық мерейтойына орай «Мәдениет маржанын кие тұтқан ұстаз» атты шығармашылық кеш өтті. Осы атаумен жеті бөлімнен тұратын кітап көрмесі қойылды.

Іс-шара барысында Түркістан облысы Кентау қаласының орталық кітапханасымен байланыс орнатылып, «Туған жерді жырлаған ақындар» атты поэтикалық батл өтті.Телекөпірде Оспан Сүлейменұлымен қатар кентаулық ақын Мұхит Әбдәшімұлының туған жерге арнаған өлеңдері оқылды.

«Елорда билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әнуарбек Қайкенұлы Астана қаласы Білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері Күнімбала Ізтілеуқызы, елорданың орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мәдібаева, басқа да кеш қонақтары Оспан Сүлейменұлы туралы пікірлері мен жылы лебіздерін білдірсе, М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледж студенттері ақын өлеңдерін оқып, күмбірлете күй тартып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Белсенді оқырмандар марапатталып, Оспан Сүлейменұлына сый-сияпат жасалды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button