Ел тынысы

Семсерлесуден Қазақстан біріншілігі басталды

Таразда семсерлесу спортынан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының жалауы желбіреді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, алғашқы жарыс күнінде саблямен семсерлесуден жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Жасөспірім ұлдар арасында алматылық Хасен Диас жеңіске жетсе, қыздар арасында Айша Сыздыққа тең келер ешкім болмады.

Командалық сында Шымкент қаласы бірінші, Жамбыл облысы екінші орынға қол жеткізді. Қола жүлдені Алматы қаласының командалары еншіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button