Елорда тынысы

Сенатқа 20 депутат сайланады



Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 14 қаңтарда өтетін Сенат сайлауына 55 үміткер қатысатынын мәлімдеді.

«Сайлау комиссияларының ұсынылған деректеріне сәйкес, сайлау бюллетеньдеріне 55 үміткер енгізілді. Алматы қаласында – 4 үміткер, 6 өңірде: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында – 2 үміткерден. Қалған өңірлерде және Астана, Шымкент қалаларында 3 үміткерден қатысады. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне мәслихаттардың 3168 депутаты енгізілген. Ең көп сан Түркістан облысында – 317 және Қостанай облысында – 263, ал ең азы Астана – 31, Шымкент – 30 және Алматы қалаларында – 38» деді Н.Әбдіров құзырлы органның отырысында.

Сенат төрағасы Мәулен ­Әшімбаев әр өңірден бір-бір депутаттан сайланатынын мәлім етті.

«14 қаңтарда сайлау өтеді. Осы орайда 20 сенатор сайланатын болады. Әр өңірден бір депутаттан келеді. Қазір 20 орынға 64 үміткер тіркелген. Демек, бір орынға 3 адамнан келіп тұр. Бұл өз кезегінде бәсекелестік бар екенін білдіріп отыр. Осы 64 үміткердің арасында 30 пайызы әйел адам екені – құптарлық үрдіс. Үміткерлердің төртеуі – қазіргі сенаторлар» деді М.Әшімбаев Сенат отырысынан кейін журналистердің сауалына берген жауабында.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button