Басты ақпаратҚала мен СалаҚоғам

СЕНБІЛІККЕ 150 МЫҢ АДАМ ШЫҚТЫ



«Біз таза қаланы қолдаймыз!» деген атпен өткен жалпықалалық сенбі­лікке 150 мың елордалық тұрғын қатысты. Сонымен қатар, қаланы тазалау­ға арнайы мамандандырылған 425 дана техника жұмылдырылды.

52412

Ауқымды шараға аудандар әкімдіктері, қалалық басқармалар, коммуналдық шаруашылықтар, қаржы секторының және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ, жастар бірлестіктері мен қаладағы әлеуметтік маңызды нысандардың қызметкерлері де маңызды шарадан тыс қалмады. Осының арқасында жалпы ауданы 3 545 050 шаршы метр саябақ пен саябақ аумағы жиналып, 10 777 көшет отырғызылды.

342

Мысалы, Алматы ауданына қарасты Мичурино кентінде – 386, Триатлон паркінде – 145, Ш.Қалдаяқов көшесінде 114 ағаш егілді. Сондай-ақ, ауданның денсаулық сақтау және білім нысандары 2 600 көшет берілді. Бұдан бөлек, Есіл ауданында – 3 900, ал Сарыарқа ауданында 3 612 ағаш көшет отырғызылды.

1yo32

– Қазақта «Бір тал кессең, он тал ек» деген керемет тәмсіл бар. Сондай-ақ, бабаларымыз «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деп те айтып кеткен. Осы екі ауыз сөзден-ақ халқымыздың экология мәселесіне айрықша қарағанын аңғаруға болады. Өкінішке қарай, қазіргі таңда ата-бабамыздың осы бір аманатын дұрыс орындай алмай жүрміз. Алайда бүгінгі сенбілікке шыққан халықтың қарасын көріп, қуанып отырмын. Себебі бір күннің ішінде мыңдаған көшет отырғызылып, бірнеше тонна қоқыс шығарылды. Егер осындай игі істер алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырса, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді өзін зейнеткермін деп таныстырған Қалдыкүл Әмзеқызы.

435

Бұдан бөлек, еріктілер мен қоғамдық ұйымдар өзендердің арнасына санитарлық тазалық жүргізді. Нақтырақ айтсақ, Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінде экологиялық шаралар ұйымдастырылды. Сенбілік барысында ­2559,68 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылды. Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Есіл (Газмашаппаратура), Ақбұлақ (Еуразия университетінен ТЭЦ-2-ге дейін) өзендерінің арнасын тазалады. Тазалық шарасына Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 150-ден аса студенті, сондай-ақ, қалалық бөлімшелердің әскери қызметкерлері қатысты.

666666

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ 




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button