Басты ақпаратМәдениет

«ШАБЫТ» ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ



Кеше «Астана» концерт залында «Шабыт» шығармашыл жастардың ХХ халықаралық фестивалінің шымылдығы түрілді.

– Биыл фестиваль жиырмасыншы мәрте өтіп отыр. Осы жылдар ішінде «Шабыт» елордамызбен бірге дамып, бірге өсіп, Астананың ғана емес, бүкіл Қазақстанның мәдени брендіне айналды. Жиырма жыл ішінде «Шабыттың» еліміздің руханиятына бергені мол. Байқауға бұрынғы жылдары қатысқан таланттар бүгіндері өнер жұлдыздарына, мәдениет қайраткерлеріне айналды. Биылғы байқау да жаңа таланттардың легін танытып, өнер айдынына самғатады деп ойлаймын, – деді фестивальді ашып берген Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.
Байқауға еліміздің түкпірінен және өзге мемлекеттерден, атап айтсақ Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан, Латвия, Армениядан 515 адам қатысуға ниет танытты. Оның ішінде 100 конкурсант Астананың атынан шығып отыр.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button