Ел тынысы

Шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Астаналық спортшы шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Белград (Сербия) қаласында 25 маусым күні басталған есту мүшесі зақымдалған спортшылар арасында шахматтан әлем чемпионатына 30 елден 128 спортшы қатысып жатыр.

Аталған додада елордалық спортшы Сұлтан Қожахметов рапид бойынша күміс медаль иеленді.

«Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қарсыластар осал емес. Дегенмен «еңбек бәрін жеңбек»! Дейтұрғанмен жарыс әлі аяқталған жоқ. Ел намысын қолдан бермей, жаңа жеңіске ұмтылатын боламын», – дейді әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сұлтан Қожахметов.

Айта кетсек, байрақты бәсеке 6 шілдеге дейін жалғасады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button