Ел тынысы

Шаршы тақтадағы тартыс



Әлемнің шахмат жанкүйерлерінің назары Қазақстанға ауып, Астанадан тараған әрбір жаңалықты жіті бақылап отыр. Енді ше, әлем тәжіне иелік ету үшін ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь ой таластырады.

Екі гроссмейстердің арасындағы бірінші партия тартысты өрбіп, 49-жүрісте қарсыластар қолдарын беріп, тең ойынға келісті. Екінші партия Ян Непомнящийдің пайдасына шешілді. Дұрысы, қытайлық шахматшы Дин Лижэнь 29-жүрісінде жеңілгенін мойындады.

Үшінші партияда Ян Непомнящий ақ фигуралармен, Дин Лижэнь қара тастармен ойнап, 30-жүрісте екі шахматшы тең түсіп, 0,5 ұпайдан еншіледі. Осылайша шахмат тақтасындағы тартыс қыза түсті. Төртінші партияда Дин Лижэньдің ұтқыр жүрістері жеңіске жеткізді. Ал бесінші партияда Ян Непомняхтчи, алтыншысында Дин Лижэнь үстем болды. Гроссмейстер арасындағы тартыстың нүктесі 30 сәуірде қойылады.

Жаһан жұрты Ян мен Диннің ой тартысына көз тігіп отырғанда, шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы мен әлем құрамасы ой жарыстыратын болды. Дүниежүзілік шахмат тарихында тұңғыш рет орын алған ойынға Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Лия Құрманғалиева, Ксения Балабаева, Алуа Нұрманова және Зарина Нұрғалиева қатысады. Ал әлем құрамасы сапында Хоу Ифань, Нана Дзагнидзе, Харика Дронавалли, Гүнай Мамедзаде, Нұргүл Салимова, Жока Гаал, Шри Б.Савита және Афруз Хамдамова ойнайды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button