Денсаулық

Сovid күш бермей тұр



АҚШ-тың бірнеше штатында коронавирустың ауыр түрімен түскен науқастың көптігінен ауруханаларда бос орын азайып барады. Ресейде бір күнде коронавирустан 815 адам қайтыс болып, тағы да рекорд жаңарды. Бразилияда бір тәулікте 996 адам жан

АҚШ-тың Алабама штатының губернаторы дәрігерлер Covid-19 «толқыны үдеп» бара жатқанын, ауруханаларда орын жетпей қалу қаупі барын айтқан соң аймақта төтенше жағдай жариялаған. Елдің солтүстік-батысындағы Орегон штатында да ауруханалар науқасқа толған. Билік ұлттық гвардияның 1500-дей сарбазын медицина қызметкерлеріне көмекке жұмылдыру жоспарын жария етті. Биыл жазда қайта өршіген коронавирус әлемнің әр түкпірінде әлек салып жатыр. Қазіргі мәліметтерге қарағанда, Бразилия мен Ресей кейінгі 28 күнде өлім саны бойынша екінші және үшінші орында тұр. Төрт аптаның ішінде Бразилияда 30 мыңға жуық адам қайтыс болса, Ресейде 21 мыңнан астам адам өлген. Ал бірінші орында 43 мыңнан астам адам бақилық болған Индонезия тұр, деп хабарлайды әлемдегі коронавирус статистикасын жүргізіп отырған АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университеті. Кейінгі айларда Қазақстанда да індет өршіп, адам өлімі көбейген. Шілдеде Қазақстанда коронавируспен байланысты адам өлімінің ең жоғары көрсеткіші тіркелді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button