СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНЕ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Жақын арада қаламыздағы спорт мектептеріне оқушыларды қабылдау басталады. Осыған орай балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне тәрбиеленушілерді қашан және қандай спорт түрлері бойынша қабылдайтыны жөнінде газетіміздің алдағы нөмірлерінің бірінде толық мәліметті беретін боламыз. Ал бүгін біздің сауалымызға Астана қаласындағы №7 Олимпиадалық резервінің балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі директорының орынбасары Асқар Әлдибеков жауап берді.
– Мектептеріңізге балаларды қабылдау қашан жүргізіледі және қай жастан бастап қабылдайсыздар?
– Биыл қабылдау науқаны 17 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Қалаған спортына қарай 10 жастан 12 жас аралығындағы балалар қабылданады.
– Қандай спорт түрлері бойынша оқу-шынықтыру жүргізесіздер?
– Атап айтқанда, дзюдо, таеквондо, грек-рим күресі, еркін күрес, конкур, үшсайыс, каратэ-до, самбо, қазақ күресі, ушу таолу, киокушинкай кан каратэ, шинкиокушинкай каратэ, кикбоксинг, муайтай спорт түрлерін ұсынамыз.
Толық ақпаратты www.7sportmekteby.kz сайтымыздан және 39-00-92, 39-01-19 байланыс телефондары арқылы да білуге болады.
– Жаңа оқу жылына бапкерлеріңіз бен базаларыңыз сақадай сай шығар…
– Әрине, дайынбыз. Қазір мектеп әкімшілігі мен бапкерлер тобы қабылдау науқанына байланысты жұмыс жүргізіп жатыр. Түйіндеп айтқанда, салауатты өмір салтын сақтай білетін, спортты таңдаған балаларға біздің есігіміз әрдайым ашық . Тек салауатты ұлт бәсекелес елдердің қатарына кіре алады. Сондықтан, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге барынша атсалысамыз.
Гүлмира Аймағанбет