Ел тынысы

Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Aстана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылының Р.Қошқарбаев даңғылынын бастап Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды https://astana-akshamy.kz

Осыған байланысты, 20-24 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бір жағы бойынша ұйымдастырылатын болады.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістерді болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button