Мәдениет

Тәуелсіздік күніне арналады



Астана қаласында конкурдан Қазақстан чемпионаты өтеді. Тәуелсіздік күні аясында өтетін жарысты қалалық Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады.

Бағы мен бабы келіскен, сымбаты мен сыны, жүрісі мен жылдамдығы үйлескен сәйгүліктер сайыстың төрт бағдары бойынша сынға түседі. Жарыстың жалпы жүлде қоры 12 миллион теңгені құрайды.

Чемпионат 15 желтоқсан күні «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде (Қарқа­ралы тасжолы, 1) өтеді. Басталуы: сағат 10:00-де. Кіру тегін.

Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық спорт түрлері федерациясы Ұлы даланы көркімен сүйсіндіріп, жүрісімен тамсандырған сәйгүліктер мен қаракөз бойжеткендердің, жігерлі жігіттердің өнерін сынайтын, қазанаттардың қажыр-күшін көрсететін ел чемпионатына елордалықтар мен қала қонақтарын жанкүйер болуға шақырады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button