Әлеумет

Тәуелсіздік тағылымын талқылады



Елордадағы Astana IT университеті Жалпы білім беру пәндері департаментімен бірлесіп, оқу орнының студенттеріне психологиялық және социологиялық «QUIZ» сайысын өткізді. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада әлеуметтану мен психология салаларының ел тәуелсіздігіне қосқан үлесі айтылды. 

Іс-шара университет жастарын жан-жақты дамытуға, олардың кәсіби шығармашылығының өсуіне бағытталды. Жиынға Astana It University білім ордасының психологтары, әлеуметтанушылары мен студенттері қатысты.

Astana IT университетінің қауымдастырылған профессоры, психология пәнінің оқытушысы Әсел Исаханованың айтуынша, студенттер арасында «QUIZ» форматындағы сайыс бірінші рет өткізілді.

«QUIZ» сайысы үш кезеңнен тұрды. Студенттердің әуелі Қазақстан тарихынан білімі сыналып, екінші кезеңде тәуелсіздік жылдарынан бүгінге дейінгі әлеуметтануға қатысты оқиғалардың дұрыс әрі бұрыс тұстарын сәйкестендіру қажет болды. Одан кейін жалпы пәндер бойынша логикалық сұрақтар қойылды.

Жиынға қатысқан бес топтың ішінде «Who said» тобы жоғары ұпайды иеленді. Жеңімпаздар үшін университет тарапынан арнайы сыйлықтар әзірленіп, марапаттау рәсімі алдағы күндері өткізіледі.


Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button