Елорда тынысы

Таланттылар тартуы



Елорданың Амфитеатр сахнасында қаланың 25 жылдығына арналған «Аялаған Астана» гала-концерті өтті.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ашық аспан астында ұйымдастырылған гала-концертте «Аялаған Астана» республикалық байқауының әр жылдардағы 30-ға жуық қатысушысы өнер көрсетті. Олардың қатарында халықаралық сайыстардың финалистері мен қазақ өнерінің жарық жұлдыздары бар.

«Аялаған Астана» байқауы алғаш рет 2013 жылы өткізілді. Бүгінде бұл жоба он жылдың ішінде көптеген бүлдіршіннің бағын ашып, үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік беретін ыстық ұяға айналды. Жыл сайын байқауда  8 бен 12 жасқа дейінгі балалар эстрадалық вокалдан бақ сынайды. Республикалық балалар байқауы 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезенде аймақтар бойынша іріктеу өтсе, екінші кезеңде – финал. «Аялаған Астананың» жеңімпаздарының қатарында жас әншілер Болат Батырбаев, Мұхамедали Жүгінісов, Данелия Төлешова, Жәнел Садуақас және басқалары бар. Ал биылғы жылы үздік атанған қатысушы «Детская Новая Волна» атты халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

«Музыкалық телевизиялық байқауға 10 жыл болды. Біз осы гала-концертте әр жылдардағы қатысушыларды, оның ішінде жеңімпаздарды жинауға тырыстық. Бүгінгі концертте байқау қатысушысы болмаса да, Ержан Максим өнер көрсетті. Қатысушылардың арасында әнші Садраддин де бар. Биыл да еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас таланттарды жинап, олар елордада өнерлерін ортаға салды. Осылайша, қала күніне орай таланттарымыз тұрғындар мен қонақтарға арнап әннен шашу шашты» деді гала-концерттің қоюшы режиссері Саян Мырза.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button