Елорда тынысы

Таным – діни сенімнің бағдаршысы



Кеше Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы мен қалалық дін істері жөніндегі басқармасы дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің семинарын өткізді.

Танымдық шараға мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық кеңестердің өкілдері, дінтанушы ғалымдар және сарапшылар қатысты.

Семинар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, халықтың діни сауаттылығын арттыруға, Қазақстан халқының дәстүрлері мен құндылықтарын насихаттауға, радикалды діни ағымдардың қауіптілігі туралы ескертуге, экстремистік идеяларға қарсы «иммунитетті» нығайтуға және Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының талаптарымен танысуға бағытталған қызметті нығайту, сондай-ақ елордалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді. Сонымен қатар, интернет кеңістіктегі және әлеуметтік желілердегі жасырын қауіптер, жастарды деструктивті діни ұйымдардың қызметіне тартудың алдын алу туралы тақырыптар көтерілді.

– Халықтың діни сауатын көтеруде танымдық, ағартушылық бағытты ұстанып, бүгінгі жаһандану заманында зайырлы қоғамдағы түрлі көзқарастар мен пікірлерді құрметтеп, олармен сұхбаттасуға, сыйласуға сондай-ақ кез келген діни экстремистік, терроршыл іс-әрекеттердің алдын алуымыз керек. Осылайша діни экстремизм мен терроризм пиғылдарына қарама-қарсы профилактиканы жүргізу арқылы ­Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Пікірлердің плюрализмін сақтай отырып, біз радикализмнің, экстремизмнің және сепаратизмнің кез келген түріне қарсы тұруымыз керек» деген сөздеріне өз үлесімізді қоса аламыз. Мемлекетімізде тыныштықты сақтауға, діни төзімділікті насихаттауға, еліміздегі азаматтардың діни ұстанымдарына қандай болғанда да оған азамат ретінде құрметпен қарауға дағдылануға тиіспіз, – деді қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button