Мәдениет

Тарихи жәрмеңкелерді жаңғыртты



Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы ұлттық өнерді дәріптеуге арналған жаңа форматтағы «Біздің жәрмеңке» жобасын ұсынып, Қоянды, Көкжар, Қараөткел сынды тағылымы мол тарихи жәрмеңкелерді жаңғыртты.

[smartslider3 slider=3517]

Жәрмеңкенің сәнін келтірген қол­өнершілер, ұлттық киім дизайнерлері, зергерлер мен қыш шеберлері жиналған қауымды ерекше бұйымдарымен тәнті етті. Жүн түтіп, ұршық иірген, текеметтің түр-түрін көрсеткен шеберлердің жұмысы, сәні айрықша ұлттық киімдер, теріден жасалған заттар, ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар, құрақ көрпе, қоржын, т. б. бұйымдар халқымыздың ісмерлік, ұсталық және зергерлік өнері жоғары деңгейде дамығанын аңғартты.

Бұған қоса, көрермендер тоғыз­құмалақ, ләңгі, асық сынды ұлттық спорт түрінен өткізілген жарысты тамашалай алды. Боз кілемде белдескен балуандар, асық атып, тоғызқұмалақ ойнап жарысқан жастар жәрмеңкелерді тек сауда-саттықтың ғана емес, сонымен қатар спорт өнерінің де ордасы болғанын көрсете білді.

Театрландырылған қойылым түрінде өткен концертте Ерлан Рысқали, Жанғали Жүзбай, Ерболат Шалдыбеков, Толғанбай Сембаев, Елмұра Жаңаберген, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Айгүл Елшібаева, Ардақ Балажанова, Құмарбек Қалқатай, Нұрболат Арзамасұлы, Раушан Оразбаева, Перизат Тұрарова, Айзат Қарабекова, Күнсұлу Түрікпен, Дінисламбек Жайлаубай, Асқар Мұқият, Біржан Айтахметов, Серік Нұрмолдаев, Ардақ Елеусіз, Венера Табыс, Бауыржан Мұхаметбай, Нұрбану Жұртекина, Нұркен Якияев, Салтанат Ерсұлтан, Ержігіт Әлиев, Дарын Құдайберген, Шолпан Шарапатова, Жұмагүл Қуанышқалиева, Әділ Жүнісов, Райхан Омар өнер көрсетті. Бауыржан ­Ақтаев жетекшілік ететін «Астана сазы» қазақ мемлекеттік ­ансамблі, «Тұран» ­фольклорлық ­ансамблі, «Қобыз-Рух» тобы, «Мұрагер» балалар ансамблі, «Astana musical» мемлекеттік театры, «Наз» би театры да өнерін ортаға салды.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button