Басты ақпаратЖаңалықтарҚала тіршілігі

Тасқын суды тойтаруға дайын



erm_3670-2-asli

Астанада су тасқынына қарсы қалалық жұмыс тобы құрылды және кешенді шаралар жоспары іске қосылды, деп хабарлады astana.gov.kz сайты.

Бүгінгі таңда астаналық гид­ротораптар ағымдағы маусымда тасқын суын өткізуге дайын. Жоспарға сәйкес, қала аумағында су басуы мүмкін 37 учаске анықталды. Қазіргі уақытта аталған учаскелерге мамандар барып, су тасқынына қарсы шаралар әзірледі. Сонымен бірге, елорда әкімдігі кешенді жоспарды орындауға бағытталған бірнеше негізгі шараны белгілеп қойды.
Бірінші кезектегі шара – Есіл өзенінің жоғарғы ағысы тексерілді, нәтижесінде қар қо­рының шамадан 20-30 пайызға көп екені анықталды, қалыпты норма 50 мм болуы тиіс. Ма­мандардың хабарлауынша, Есіл өзенінде көктемгі су жүру Астана су қоймасына келумен 200-280 млн текше метр көлемінде болжанып отыр. Қазіргі уа­қытта Астана гидроторабы ағым­­дағы маусымда қар суын өткі­зуге толықтай дайын.
Астана су қоймасының жо­балық қуаты 410 млн текше метр бола тұра, бүгінгі күні он­дағы жиналған су 285,9 млн текше метрді немесе 69,9 па­­­йыз­ды құрайды. Астана су қой­­­масында су ағынын қа­был­дау және қауіпсіз өткізу мақ­сатында қосымша сыйым­ды­лықты дайындау үшін «Каз­­водхоз» РМК-імен бір­лесіп күшейтілген шаралар қабылданып жатыр.
Сонымен бірге, «Астана қа­ласын Есіл өзенінің көк­темгі қар суынан қорғау» нысанында бөгетті күшейту жұмыс­тары жүргізіліп, кешен қар суын өткізуге толықтай дайын.
Майбалық көлінің аумағы да маңызды бөлік саналады. Қазіргі уақытта көл суының деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда жарты метрге төмен және ондағы су мөл­шері 65 млн текше метрді құ­райды. Бүгінгі күні каналды тазарту және жағасын бекіту елорда әуежайының ұшу-қону жолағын су басудың алдын алу мақсатында бөгет тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, Есіл өзенінің арнасын кеңейту жұмыстары жасалынып жатыр, бұл шаралар газмашаппаратура ауданында аяқ­талды. Бұған қоса, өзенді терең­дету және арнасын кеңейту жұмыстары да қолға алынған.
Қала басшылығы Кіші Тал­дыкөл көлінің аумағына да ерекше көңіл бөліп отыр, ол бойынша арнайы шаралар жос­парланып, жауапты мем­лекеттік органдар мен құрылыс компаниялары белгіленді.
13 наурыздағы жағдай бойынша, қыс кезінде қала аумағынан шығарылған қар мөлшері 4,9 млн текше метрді құраған, бұл былтырғы көлемнен 2 есе көп. Қар жинау жұмыстары 20 наурызға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Сон­дай-ақ, үстіміздегі жылы су тасқындарына қарсы шараларға 1,4 млрд теңге қарастырылған.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button