Қала мен Сала

Тазалыққа талап күшті



Есіл ауданы бойынша рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Биыл 10 қазаннан бастап қоқыс полигонына барлығы 531 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Күн сайын Есіл ауданының аумағында мыңға жуық жұмысшы мен 200-ге жуық арнайы техника жұмыс істейді. Қала көшелерінде жол төсемдерін жуу, қоқыс жәшіктерін қолмен тазалау, сыпыру, қоқыс шығару жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйлердің аулаларында орамішілік аумақтарды тазалау жалғасып жатыр.

Бүгінгі күні орамішілік тазалауға 28 арнайы техника (тиегіштер, самосвалдар, АС машиналар, мотопомпалар, мотокостар, қол шаңсорғыштар) және 155 жұмысшы жұмылдырылды. Ауданның санитарлық тазалығына 174 техника, атап айтсақ, су құю машиналары, тұзақтар, тиегіштер, самосвалдар, экскаваторлар және барлығы 644 жұмысшы жұмылдырылды.

Күн сайын таңертең «Шұбар» шағын ауданын жинауға қатысатын коммуналдық қызмет жұмыскерлерінде бір тыным жоқ. Олар алдымен  учаскелерді бөліп алады. Көшелер осы адамдардың қолымен сыпырылады, қоқысты та жинайтын сол жұмысшылар. Ал арнайы техника ірі габаритті қоқыстарды уақытылы шығарып, жол төсемін суарады және жуады.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button