Мәдениет

Темірбекке тағзым



Қазақ Ұлттық өнер университетінің 25 жылдығы аясында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай «Темірбек Жүргенов – қазақ өнерінің жанашыры» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Темірбек Қараұлы Жүргенов­тің қазақ өнері, әдебие­ті, мәдениетіне және білім саласына қосқан зор үлесін дәріптеу. Мемлекетке сіңірген еңбегі мен күреске толы өмір жолына шолу жасау арқылы өскелең жас ұрпақтың санасына мемлекетшілдік ұғымын және ұлттық мүддені қорғауды, ұлтқа қызмет етудің азабы мен абыройын сіңіру мақсатында өткен бұл шараға Мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиынның тізгінін ұстаған Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, ақын-жазушы, кинодраматург Ұларбек Нұрғалымұлы Темірбек Жүргеновтің өмір деректеріне қысқаша тоқталғаннан кейін ғалымдар мен Т.Жүргенов өмірін зерттеуші жастар танымал тұлғаның әр қырынан сөз қозғады.

Дөңгелек  үстелде  «Өнертану»  кафедрасының студенттері Т.Жүргеновтің  ұлт өнеріне жасаған қызметі жайында баяндама жасаса, «Музыкалық театрдың әртісі» мамандығының 2-курс студенттері жазушы-драматург Р.Отарбаевтың «Нарком – Жүргенов»
пьесасын сахналады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button