Білім

Термин туралы байқау өтті



ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Терминология басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» атты республикалық байқауы өз мәресіне  жетті.

Байқауға республикамыздың түкпір-түкпірінен студент, магис­транттардан бастап ғылым докторы, аудармашы, іс жүргізуші, мұғалімдер және т.б. саладан әртүрлі жастағы азаматтар қатысты. Төрт кезеңнен тұратын бұл байқауда қазылар алқасының шешімімен, 10 қатысушы 5 дәреже бойынша марапатталды. Бас жүлде елордадағы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жетекші ғылыми қызметкері Айгүл Махамбетоваға бұйырып, 250 мың теңгемен марапатталды. 1-орын алған Гүлфаруз Исақызы 150 мың теңгемен; 2-орын алған Назерке Масек 100 мың теңгемен; Ерболат Қалымжанұлы мен Нұрқыз Нұрбаева 3-орынға лайық деп танылып, 70 мың теңгемен марапатталды. Ал қалған 5 үміткер жеке-жеке алғысхатпен қоса, 25000 теңгемен марапатталды.

– Бұл байқау үш жылдан бері өткізіліп келеді. Бизнес саласы – қоғамның назарында жүрген үлкен саланың бірі. Биыл осы саладағы тақырыпты талқыладық. Өткен жылы туризм саласына арнаған едік. Байқауға еліміздегі танымал тұлғалар қазылық етті. Осы орайда барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіремін. Байқауға ұсынған терминдер ұлттың керегіне жарап жатса, ол бұл байқаудың үлкен нәтижесі болмақ, – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Әдістемелік қамтамасыз ету және лингвистика басқармасының басшысы Айнагүл Көкен.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button