Ел тынысы

Терроризмнен қорғану мәселесі қаралды

Елорда әкімдігінде қала басшысы Жеңіс Қасымбектің төрағалық етуімен Астана қаласының терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өтті. Отырыста діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шаралары талқыланды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты ақпарат таратты.

Басқосуда комиссия мүшелері – жастар саясаты мәселелері, білім беру, дін істері басқармасының жетекшілері, Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдері, сондай-ақ қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы сөз сөйледі. Күн тәртібіне сәйкес жастар арасында деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуының алдын алу және оған жол бермеу, 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының 2023 жылға белгіленген көрсеткіштеріне қол жеткізу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ комиссия мүшелері террористік тұрғыдан осал нысандардың терроризмнен қорғану деңгейін арттыру бағытындағы іс-шараларды талқылады. Отырыс соңында елордада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруға айрықша назар аударылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button