Қоғам

ТӨЛЕМ ЖАСАУ КОМИТЕТІ ЖОЙЫЛАДЫ



Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық қызметтерге төлем жасау комитеті таратылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің операторына айналады. Медициналық қызметтерге төлем жасау комитеті жо­йылады» деді вице-министр.
Оның айтуынша, осыған байланысты 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін медициналық қызметтерді жоспарлау, сатып алу, сапасын бақылау бөлігінде барлық бизнес-процестерді үйлестіру, денсаулық сақтау субъектілеріне медициналық қызмет үшін төлемдер жасау мәселелері әзірленетін болады.
«Бүгінгі күні денсаулық сақтау субъектілерінің базасы құрылды және қор тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу процедурасына кірісетін болады» деді Л.Ақтаева.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button