Елорда тынысы

Түнде елордадан 40 мың текше метрден астам қар шығарылды



Елордалық коммуналдық қызмет көшелерді, аулаларды, алаңдар мен жолдарды қар мен мұздан тәулік бойы тазалау бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде. Күн сайын 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы қар тазалау жұмыстарына тартылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

9 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,6 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Өткен түнде 8-9 ақпан аралығында қаладан үш мыңға жуық рейс 40 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қыс басталғаннан бері полигондарға 4,1 млн текше метрден астам қар жеткізілді, бұл 302 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button